Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 сәуір күні Арменияға сапарлайды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеп.
“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 сәуір күні Арменияға бір күндік ресми сапармен барып, Премьер-министр Никол Пашинянмен және Президент Ваагн Хачатурянмен келіссөздер жүргізеді” делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы сапар аяқталғаннан кейін Ереваннан еліміздің қарғын су басқан облыстарының біріне ұшып кетеді.
Ұқсас жаңалықтар
"Тоқаевтың сыйлығы". Желіде Франция президентінің қазақтың ұлттық тазыларымен түскен суреті жарияланды