Бір қабатты қойма өртке оранды

886
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Алматы облысында қойма өртке оранды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

10 сәуір күні Қаскелеңдегі қойма өртеніп жатқаны анықталды.

«Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Қаскелеңде бөлек тұрған бірқабатты қойма өртеніп жатыр. Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», – делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінде.

Одан бөлек, облыстық ТЖД баспасөз қызметі бүгін Талғар ауданында пластикалық терезелер шығаратын цех өртенгенін хабарлады. Оның ауданы – 78 шаршы метр. Қазір өрт толығымен сөндірілген.

 

Пікірлер