"Ауыр дәрежедегі жарақаттар". Бишімбаев сотында сарапшы маман куәлік етті

1411
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров куәгер болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Әйелін өлтірді деп күдікке ілінген Бишімбаев сотында сарапшы Нүкенованың қандай жарақат алғанына тоқталды. Ол алқабилерге жарақаттарды маникенге салып көрсетті.

Тахир Халимназаров маникенге көк түсті маркермен көгерген жерлерін, қызыл түс арқылы сырылған, ал жасылымен жараларды көрсетті. Сарапшының сөзінше марқұм денесіндегі анықталған жаралар ұрудан пайда болған.

“Бас аймағына бет пен ми, бас сүйек кіреді. Бірнеше соққыдан субдуральды гематома пайда болып, ол миын езіп тастаған. Ауыр дәрежедегі жарақаттар келтірілген. Құлағаннан мұндай жарақаттар пайда болмайды. Ол үшін адамды шашынан ұстап, қабырғаға соғу керек. Ол да соққы салуға жатады”, – деді сарапшы.

Сондай-ақ, бүгінгі сот барысында маман марқұм Салтанат Нүкенованың бетіне шамамен 13-14 рет соққы келгенін айтты.

Пікірлер