Алматы облысы, Іле ауданы, Байкент ауылындағы Ворошилов су бөгеті жарылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.
«Алматы облысының Байкент ауылында Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылды», - делінген хабарламада.
Су өзеннің негізгі арнасымен ағып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі судың транзиттік режимде ағызылатынын атап өтеді. Тұрғындарға жағдай туралы хабарлануда. Елді мекендерді су басу қаупін анықтау жұмыстары жүргізілуде.