Ақпан айында коммуналды қызмет ақысы айтарлықтай көтерілген, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Курсивке сілтеп.
United Research Technologies Group сарапшылары осындай тоқтамға келген.
"Ақпан айының қорытындысы бойынша тұрғын үй-коммуналды қызмет ақысы анағұрлым өскені байқалған. Қаңтар айында тарифтердің өскенін қазақстандықтардың 12,5%-ы байқаған", – деп жазды сарапшылар.
Жыл басынан бері коммуналды қызмет тарифтерінің күрт қымбаттауы ел тұрғындарын алаңдатып отырғаны жасырын емес.
Ұлттық стаститика бюросы ұсынған ақпаратта ақпан айында ақылы қызметтердің құны 12,8-ға өскен. Ал тұрғын үй-коммуналды қызмет ақысының тарифтері 2023 жылдың ақпан айымен салыстырғанда 19,9 дан 33,9%-ға дейін шарықтаған.