Ақтөбе облысында 11 балықшы қар құрсауында қалып қойған. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлады “Адырна” ұлттық порталы.
Мәлімет бойынша, бүгін Қарғалы ауданының Желтау ауылы аумағында Қарғалы су қоймасының маңында балықшылардың 3 көлікпен қар құрсауында қалғаны туралы хабар түскен.
Боран және нашар көрінуге байланысты олар көмекке жүгінген. Түнгі 3:30-да құтқарушылардың күшімен 3 жеңіл автокөліктен 11 адам эвакуацияланды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Болат Назарбаев осынша жер мен базарды мемлекетке қайтарды дейді. Оны қалай иемденді дегенді айтпайсыздар ма? Заңсыз иемденген дүние болса, іс қозғалу керек емес пе?