Алматыда күшті жер сілкінісі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті сирена қосты.
“4 наурыз күні сағат 11:22-де Алматыда қатты жер сілкінісі болды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісі өңделуде. Жер сілкінісінің ошағы туралы ақпарат нақтылануда”, делінген ТЖМ хабарламасында.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, эпицентрі Қазақстан аумағында Алматыдан 31 шақырым жерде болды. Магнитудасы - 6.1 балл.Ұқсас жаңалықтар
Күш-жігер, мықты мінез және саналы таңдау: Алматы маңында өткен Race Nation жарысына 1800 адам қатысты
