Жамбыл облысы Жамбыл ауданы «Алматы-Ташкент» автокөлік жолында жолаушылар автобусы өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 29 жолаушы өз бетінше автобустан шықты. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын-ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы»,—деліеген хабарламада.