Қазақстандық спортшылар суға секіру спортынан алғашқы жүлдені иеленді

1858
Adyrna.kz Telegram
Фото: qaz_olympics
Фото: qaz_olympics

Су спортынан өтіп жатқан чемпионатта ел қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды "Адырна" порталы.

Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында Су спорты түрлерінен XI Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Ел қоржынына алғашқы медаль да түсті.

Синхронды секіру бағдарламасында қазақстандық спортшылардан 19 жастағы Диана Жұмағұлова – 16 жасар Анабелла Кочкина жұбы өнер көрсетуде. Спортшылар 187,53 ұпай көрсеткішімен күміс медаль жеңіп алды.

Пікірлер