Баяндамасын оқу барысында боқтап қойған депутат сын астында қалды

1857
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Тимур Елеусізов баяндама оқып жатқанда боқтық сөз айтып қойып, өзін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясында эколог Тимур Елеусізов баяндама оқып отырып, күрделі сын есімді айта алмай, боқтық сөз айтып қояды.

Кейіннен депутат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында орын алған жайтқа қатысты пікір жазды:

«Отырыста, көпшіліктің алдында, мен әдепсіз сөз айтқан оқиға орын алды. Барлық болған оқиғаны мойындаймын. Егер менің бейсаналық айтқан сөзім біреуге моральдық тұрғыда көңіліне тисе немесе ренжітсе, шын жүректен кешірім сұраймын! Және, әрине, заңда белгіленгендей, қоғамдық тәртіпті бұзғаным үшін жауап беремін. Бірақ елімізде шешуді қажет ететін одан да маңызды мәселелер бар деп есептеймін», - деді Тимур Елеусізов Instagram парақшасында.

 

Пікірлер