Жезқазғандағы тас жолды жөндеу үшін 4 млрд бөлінді

1070
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Жезқазғандағы 57 тас жолды жөндеуге облыстық және қалалық бюджеттен 4 миллиард 200 млн қаржы бөлінді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл қаржы 40 шақырым жолды жөндеуге арналған.

7 орталық көшеде қиыршық тас қосылған мастикалық бетон қоспасын қолдануды жоспарлап отыр. Сарапшылар материалдың өнімділік қасиеттерін жақсартқанын айтады. Әкімдік қажетті құжаттаманың сараптамадан өткенін хабарлады. Жақында конкурстық процедуралар басталады.

“Автомобиль жолдарының 65 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 69 пайызға жеткізу жоспарлануда. Инженерлік желілерді жөндеу кезінде жол жұмыстарын қатарласып атқармау үшін алдын ала барлық коммуналдық қызметтермен жұмыс жасау графиктері сәйкестендірілді”, - деді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұрбол Садықов.

“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер