Алматыда полиция қызметкерлері Қаңтар оқиғасынан кейін қайтарылған атыс қаруларын ұрлаған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Алматы қаласының Полиция департаментінің қызметкерлері Қаңтар оқиғасына қатысты істер бойынша бұрын тәркіленген 27-ден астам атыс қаруын сатқан. Полицейлердің бірі қашып кеткені хабарланды. Сонымен қатар, аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-тармағының 4-бөлігінің 362-бабымен (билік немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану) бойынша № 247569031000004 санымен Алматы қаласы ТЖД ӨҚБ тіркелді», - делінген хабарламада.