Павлодарда кәріз құдығынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Әлеуметтік желіде Павлодар қаласындағы көшелердің бірінде ер адамның мәйіті табылды.
Қамзин көшесінде кәріз құдығынан ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат тарады.
Аталған факті Павлодар қалалық полиция басқармасы Оңтүстік полиция бөлімінде тіркелген. Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамның жеке басы анықталды. Зорлық-зомбылықтың сыртқы белгілері жоқ, – деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаменті.