Қазақстандық спортшы стенд атудан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Қазақстан құрамасының мүшесі Мария Дмитриенко Мысырдың Каирде қаласында өтіп жатқан рейтингтік әлем чемпионатында үздік өнер көрсетті. Ол әйелдер арасындағы трап жаттығуының финалдық жарысында қарсыластарын басып озып, алғашқы орынға ие болды.
Туризм және спорт министрлігінің ақпараты бойынша, шымкенттік Мария Дмитриенконың осы жарыста өнер көрсетуі ISSF рейтингісінде жоғары көтерілуге мүмкіндік берген.
Бұл – Париждегі жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін олимпиада квотасын алудағы маңызды қадам.