Қарақия ауданы Жетібай ауылында ағасы мен қарындасын көршісі пышақтап тастады. Бұл туралы Lada.kz порталына жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Күдікті қамауға алынды. Тергеу басталды.
"Зардап шеккендер – 20 жастағы жігіт пен оның 14 жастағы қарындасының жағдайы орташа ауыр, жақсару динамикасы бар. Оларға шұғыл операция жасалды", – деді Жетібай ауылдық ауруханасының директоры Берік Қауынов.