Қазақстан мен Ресей шекарасында жүк көлігінен 100 келі есірткі тәркіленді

1689
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ірі көлемде есірткі контрабандасы арнасының жолын кесті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«2024 жылғы 18 қаңтарда рейдтік іс-шаралар барысында Қазақстан-Ресей шекарасынан өтпекші болған  жүк автокөлігінде халық тұтынатын тауарларға жасырылған шамамен 100 кг есірткі заты табылып, алынды.

Осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде»,—делінген хабарламада.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.    

Пікірлер