Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында 72 жылдан кейін алғаш рет ішімдік сататын дүкен ашылмақ. Онда алкогольді тек мұсылман емес дипломаттар ғана сатып ала алады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Дүкенге тек арнайы қосымшада тіркелгендер ғана кіре алады. Ал елдің 32 миллион тұрғынының басым бөлігі үшін ішімдік қолжетімді емес болып қала бермек.
«Сатып алуда шектеу қойылады. Дүкенге кіргенде тұтынушылардан ұялы телефонын арнайы сөмкеге салу талап етіледі»,—делінген хабарламада.
Ел билігі бұл дүкен алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымымен күресетінін айтты. Бұған дейін дипломаттар алкогольдік сусындарды дипломатиялық пошта ретінде танымал мөрленген ресми қаптамамен импорттаған.
Айта кетейік, Сауд Арабиясында 1952 жылдан бері алкогольге толық тыйым салынған.