Вейпке қатысты тыйым. Мәжіліс заң қабылдады

1869
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда вейп өнімдерін әкелуге, өндіруге және сатуға тыйым салынады. Тиісті заңды бүгін Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Депутат Гүлдара Нұрымованың айтуынша, «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда жаңа стандарттар қарастырылған.

«Электрондық тұтыну жүйелерін (вейп) әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға толық тыйым салуды белгілейтін нормалар белгіленді», - деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Сондай-ақ құжат медициналық көмек көрсету кезінде клиникалық хаттамаларды міндетті түрде қолдануды алып тастайды.

Заң Сенаттың қарауына жіберіледі.

Пікірлер