Алматылық тұрғындар таңғы уақытта тағы да жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Төтенше жағдайлар министрлігінің "ННЦСН и И" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 қаңтарда Астана уақытымен сағат 10:01-де жер сілкінісін тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 256 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.9. Магнитудасы MPV - 5.3", - делінген хабарламада.
Қала бойынша қабылдау – 2 балл.
“Адырна” ұлттық порталы