Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепте қалалық семинар өтті

1717
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласы Білім басқармасының «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» қолдауымен 2024 жылдың 19-қаңтарында бастауыш сынып педагогтеріне арналған «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын дамыту және ерекше білім беруді қажет ететін балаларға инклюзивті білім беру үрдісі» тақырыбында  Алматы қаласы Әуезов ауданы А. Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен қалалық семинар өтті.

   Семинарды мектеп-гимназия директоры Қуатбеков Ерік Нұрғұмарұлы ашып, сөз сөйледі. Директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары Толқынбекова Гүлнар Сапаровна «Бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеудегі заманауи білім беруді дамытудың маңыздылығы» тақырыбында мектептің ұстаздары мен оқушыларының жетістіктері туралы кең ауқымды мәлімет берді. Директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары Джунусбекова А.А., логопед Нақыпбаева М.Т., дефектолог Махал Ә.Қ «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға инклюзивті білім беру үрдісі» тақырыбында баяндама жасап, тәжірибелерімен бөлісті.

  Семинардың практикалық бөлімінде бастауыш сынып мұғалімдері Ақмолда А.Ж. 4 «В» сыныбында математика пәні бойынша «Бір бағыттағы қуып жету және қалып қою қозғалысы» тақырыбында, Қадырбай Г.А. 2 «Б» сыныбында қазақ тілі пәні бойынша «Омоним. Антоним. Синоним» тақырыбында, Дарханқызы Ж. 4 «А» сыныбында әдебиеттік оқу пәні бойынша «Жұмбаққа толы әлем» тақырыбында, Саурамбаева Л.К. 3«Б» сыныбында дүниетану пәні бойынша «Менің қауіпсіздігім» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.

    «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы «Мен оқыған бір кітап» әдеби-танымдық кешті бастауыш сынып мұғалімі педагог-зерттеуші Қалбергенова А.Е. өткізді.

Бастауыш сынып мұғалімі, педагог-модератор, Балтабекова А.Т. «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық- тарын арттыру жолында STEM  (STEAM) технологиясы» тақырыбында күнделікті сабақтарында қолданып жүрген әдіс-тәсілдерімен бөлісті, теориялық мәлімет берді.

  Семинардың соңында мектебіміздің психологы Қуанышбай А.Ғ. «Жақсы көңіл-күй жанға қуат» атты тренинг өткізді.

 Семинарға қатысқан әріптестер мектебіміздің ұстаздары мен оқушыларының өнерлерін тамашалап, өздерінің алған әсерлерін, пікірлерін айтып, кері байланыс жасады, ризашылықтарын білдірді. Семинар жоғары деңгейде өтті.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдіс бірлестігінің жетекшісі Ражанова Ж.Р.

Пікірлер