Канделаки келсе, кіре алмайды

1723
Adyrna.kz Telegram
© Шарифулин Валерий
© Шарифулин Валерий

Ресейлік журналист Тина Канделакиге Қазақстанға кіруге тыйым салынды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оның айтуынша, ресейлік тележүргізуші Қазақстанға келгісі келсе, оны жай ғана кіргізбейді.

«Қажет болған жағдайда шаралар қабылдануда. Бізден бүгін немесе ертең мұны істеуді сұрамаңыз. Мемлекет мұны ешқашан кешірмейді. Ол келмейтін шығар, бірақ келгісі келсе, кіргізбейді», - деді Смадияров.

Айта кетейік,  Тина Канделаки өзінің Telegram – каналында Қазақстан  орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатқанын көрсетіп, "тарихтағы өз орнын қолдау сылтауымен өте алысқа баруға болатыны түсінікті, әсіресе осындай күмәнді шешімдерді ілгерілету үшін тарихты жасыру ыңғайлы" деп жазған. Сондай-ақ, қазақтарды “мәңгүрттерге” теңеген болатын.

Пікірлер