50,2 млн доллар. Фармацевтика саласында отандық өндірісті арттыру жоспарлануда

2589
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/08/dәri-dәrmek630_360_1558455387-436-960x500.jpg?token=5f83f5f32d52538b87014c922cdd67c8
Фармацевтика саласына тартылған инвестиция көлемі 50,2 млн долларды құрады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Курсивке сілтеп. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биыл елімізде отандық өндірістегі дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың үлесін 50%-ға дейін арттыру жоспарланған.
«Елімізде бүгінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар шығаратын 15 жаңа кәсіпорын ашылды. Фармацевтика секторында 159 отандық тауар өндірушілер жұмыс істейді, олар 1018 дәрілік заттың және 1771 медициналық бұйымның түрлерін шығарады. Бұдан басқа, денсаулық сақтау мен ветеринарияға арналған 10 вакцина, 24 медициналық бұйым, 6 диагностикалық құрал және 1 паразитке қарсы препарат өндірісі жолға қойылған»,-делінген министрлік мәліметінде.
Министрліктің мәліметінше, фармацевтика саласына тартылған инвестициялар көлемі өткен жылы шамамен 50,2 млн доллар құрағаны белгілі болды.
Пікірлер