Беларусь президенті отын жарамын деп жарақат алған, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Президент Александр Лукашенко отын жарып жатып жарақат алғанын айтты.
Отын жарып жатқанмын, дәл аяғыма 80 келі болатын бұғау құлады, - деді Лукашенко.
Беларусия басшысы бастапқыда жарақатты сезбегенін айтты. Алайда ағаш құлаған жер кейін ісініп кеткенін хабарлаған. Осы жарақатына байланысты президент сенбі күні өткен хоккей матчына да қатыспаған.