Қазақстандық спортшы Канвонда өтіп жатқан олимпиадада қоланы жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Туризм және спорт министрлігіне сілтеп.
Канвонда өтіп жатқан олимпиадада қазақстандық 16 жастағы спортшы шорт-тректен бәсекеге түсті.
Құрама спортшысы Полина Омельчук 1000 метр қашықтықта қола жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық спортшы қытайлық қос бәсекелесіне есе жіберіп алды
1000 метрлік жарыс финалында қытайлық Ли Жинзи алтынды 1:40.803 көрсеткіші бойынша жеңіп алды. Ал күмісті иеленген Янг Жингру 1:40.996 нәтиже көрсеткен. Полина Омельчук 1:41:600 нәтижемен қола жүлдегер атанды.
Қазақстандық спортшы жас болса да шорт-тректен үздік өнер көрсетті. Сонымен қатар, желаяқ спортшы күні ертең 17 жасқа толады.