17,5 миллиард доллар. Kaspi.kz американдық NASDAQ қор биржасына шықты

1944
Adyrna.kz Telegram
Фото: Nasdaq
Фото: Nasdaq

Kaspi Финтех- тобы АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар комиссиясына (SEC) NASDAQ тізіміне кіріп, акциялары $17,5 миллиардты құрады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Reuters агенттігіне сілтеп.

Бірнеше басылымның хабарлауынша, Kaspi.kz кеңейтілген IPO бойынша өз инвесторлары үшін 1 млрд алды.

Сонымен қатар, Kaspi.kz 2020 жылдың қазан айында Лондон қор биржасында IPO өткізген болатын. Ол кезде компания акцияларының шамамен 15%-ын орналастыру кезінде акционерлер $1 млрд тартқан.

Әлемдік NASDAQ тізімінде Kaspi.kz акцияларында 92,50 долларға ашылды. Ал IPO-ға инвестиция салу бағасы 92 долларға тең болды.

Қазақстандық компания американдық тізімге орналастырудан 1 млрд теңге алды.

Мұндай әлемдік тізімге ену компания инвесторлары өз ұсыныстарын 9 миллион акцияны 11,3 миллионға дейін арттырған.

Ал Nasdaq өзінің Instagram парақшасында Kaspi.kz басшылығы қоңырауды соғып, биржада акцияларды сатудың басталғанын хабарлаған видеосын жариялады.

Еске сала кетейік, Kaspi.kz қолданбасын ай сайын 13,5 миллион адам қолданады. Ай сайынғы қолданушылардың 65%-ы қосымшаны күнделікті пайдаланатыны анықталды.

Ал Kaspi.kz бүгінде Қазақстан, Әзербайжан және Украина елдерінде бар. Ал компания өз табысының 99%-дан астамын Қазақстаннан тауып отыр.

Пікірлер