Қарағандылық полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген ұрыны ұстады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Полицияның мәліметінше, қылмыскер Қазақстанның ірі қалаларында ұрлық жасаған. Ұры 19 қаңтарда Қарағанды ІІБ криминалдық полициясы мен Михайловск полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұсталды. “Жалдамалы пәтерде мемлекетаралық іздеуде жүрген 33 жастағы ер адам ұсталды. Ол Астана, Алматы, Қарағандыда жасалған бірқатар ұрлықтарға күдікті. Күдікті Қарағандыда жасалған үш ұрлықты мойындады. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде,-деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.“Адырна” ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа жыл қарсаңында Мәскеуде митинг болды: наразылық білдірушілерді ұрып-соғып, күріш вагондарына тиеген
Теміртау қаласында «Пассаж» сауда үйінде «Құқықтық дәріхана» республикалық акциясы ұйымдастырылып, тұрғындарға тегін заңдық көмек көрсетілді
