Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Аймашевты Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі етіп тағайындады, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының үкімімен Марат Мақсұтұлы Аймашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды», - делінген құжатта.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Аймашев бұған дейін Бас штаб бастығының орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабы Жедел жоспарлау басқармасының бастығы қызметін атқарған.
Аймашев Марат Мақсұтұлы 1974 жылы 31 тамызда Краснодар өлкесінің (Ресей) Славянск-на-Кубань қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Алматы Әскери-әуе күштері училищесінде, 2008 жылы Қазақстан Ұлттық қорғаныс университетінде, 2014 жылы Беларусь Республикасы Әскери академиясының факультетінде оқыды.