Алматыда пара алған полицейлер сотталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Алматы облысында жүргізушілерден әкімшілік жауапкершілікке тартпау мақсатында пара алған. Қарасай аудандық соты жол-патрульдік полициясының 6 қызметкеріне қатысты үкім шығарды.
Лауазымды тұлғаларға 58,8 миллион теңге айыппұл салынды. Ал пара берушілер жалпы сомасы 3,85 миллион теңге айыппұл түрінде жаза арқалады.
Барлық сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.