Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмолада ірі жол апаты болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
14 қаңтар күні сағат 12:20 шамасында "Астана-Петропавл" тасжолында 15 көлік соқтығысқан. Жаңаталап ауылына жақын жерде болған жол апатынан қаза тапқандар жоқ екені айтылды.
"Көлік жүргізушілері арақашықтықты сақтамауы салдарынан соқтығысқан. Зардап шеккендер және қаза тапқандар жоқ", - дейді полицейлер.