Ауруханалар апатты жағдайда. Газада қайтыс болған палестиналықтардың саны 20 мыңнан асты

1878
Adyrna.kz Telegram
Сурет: СІМ баспасөз қызметі
Сурет: СІМ баспасөз қызметі

Газада қаза тапқан палестиналықтардың саны 23 469-ға жетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ria.ru-ға сілтеп.

Газа секторында қақтығыс салдарынан қайтыс болған палестиналықтардың саны 23 469 адамға жетіп отыр. Ал соғыс басталғалы жарақат алғандар саны 59 604 адам.

Денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Израиль армиясы соңғы екі күнде жүздеген палестиналықты жаралаған.

Газа секторының оңтүстігіндегі ауруханалар апатты жағдай тұр. Өйткені, олар жараланғандар мен ондаған мың босқындарға толы, – деді Ашраф әл-Кедра.

Пікірлер