Павлодарда жол апатынан жүргізуші мен жолаушы қаза тапты

1731
Adyrna.kz Telegram
Әлеуметтік желіден
Әлеуметтік желіден

Павлодар облысындағы көпірде шетелдік көлік жүргізушісі автобусты басып озу мақсатында қарсы жолаққа шығып кетіп, басқа көлікпен соқтығысқан. Екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы сол жерде қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

12 қаңтар күні кешке қаладан ГРЭС-1-ге дейінгі жолда апат болды. Mitsubishi жүргізушісі автобусты басып озған кезде қарсы жолға шығып кетіп, Audi-мен соқтығысқан.

“Апат салдарынан Audi автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Екінші жолаушы ауруханаға жеткізілді”, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 “Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер