Журналист, «Бармысың, бауырым?» бағдарламасының жүргізушісі Қымбат Досжан бельгиялықтар асырап алған қазақ баласына қатысты жаңа деректермен бөлісті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Құдайға шүкір. Ер-азаматтар ояна бастады. «Мен Жәнібектің әкесі болуым мүмкін, ДНҚ сараптамасын тапсырайыншы» деп Бауыржан есімді жігіт хабарласты. Бүгін редактор Әсел Асқарқызымен бірге клиникаға барып, Бауыржан қан тапсырды. Енді нәтижесін күтейік»,—деді ол.
Еске салайық, бұған дейін шетелдіктер асырап алған 21 жастағы Эдди Жанның (Жәнібек) туған ата-анасын іздеп жатқанын хабарлаған едік.