Атырауда тендерді ұтып алған кәсіпкерден 7 миллион теңге бопсалаған

1766
Adyrna.kz Telegram

Атырауда тендер ұтып алған кәсіпкерден жеті миллион теңге бопсалады деген күдіктілер ұсталды. Арнайы операцияны полицейлер халықаралық прокуратура жанындағы облыстық Ұлттық қауіпсіздік департаментімен бірлесіп жүргізді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жәбірленушіден миллион теңге алған 34 және 35 жастағы екі күдікті ұсталды. Іс материалдарына сәйкес, өткен жылдың қазан айынан бері ер адамнан 4,5 миллион теңге алынған.

«Қазіргі уақытта жеке тұлғалар тобының ірі көлемде бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады полиция.

Бұған дейін 2023 жылдың желтоқсан айында Атырауда жасалған арнайы операция кезінде тәртіп сақшылары жеке кәсіпкерлерден 10 миллион теңге талап еткен бопсалаушыларды ұстаған.

“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер