Шымкентте мешіттен 800 мың теңгенің сырт киімін ұрлаған азамат ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Polisia.kz-ке сілтеп.
Шымкенттік азамат қаладағы орталық мешіттің бірінде сырт киімін белгісіз біреудің ұрлағанын айтқан. Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасымының қызметкерлері жергілікті тұрғынның ұрлық туралы арызы бойынша тергеуді бастады.
Мешітке келген ер адам сырт киімін ілгішке ілген. Сырт киімінің құны - 800 мың теңге.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы “ұрлық” бойынша тіркеп, күдіктіні жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті.
Полицейлер "ізін суытуға" асыққан бір күдіктіні анықтаған.Күдікті қала аумағында жалдамалы пәтерлердің бірінде қолға тұскен.
Қазір қымбат күртеше иесіне қайтарылғаны айтылуда. Ал күдіктіге қатысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.