Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы аппаратының басшысы қызметіне Серік Әбдірахманұлы Кенжебаев тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ол 1971 жылы 22 маусымда Тараз қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша, 2005 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген.
Жылдар бойы жеке құрылымдарда жұмыс істеді. Ол сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алулар агенттігінің "Электрондық коммерция орталығы" мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы басшысының орынбасары болды.