Путин Ресей әскеріне қосылған шетелдіктерге азаматтық бермек

1756
Adyrna.kz Telegram
Сурет: rbc.ru
Сурет: rbc.ru

Владимир Путин Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінде қызмет өткеру туралы келісімшартқа отырған шетелдіктерге ел азаматтығын беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Арнайы әскери операция кезеңінде Ресей Федерациясының Қарулы күштерімен келісімшарт жасасқан шетел азаматтары Ресей Федерациясының азаматтығына қабылдау туралы өтініш бере алады», – делінген жарлықта.

Азаматтық алуға өтініш білдіргендер міндетті түрде саусақ ізін тіркеуден өтіп, дәрігердің рецептінсіз есірткі немесе психотроптық заттарды тұтынудың жоқтығын растайтын медициналық анықтамаларды ұсынуы керек. Бұдан бөлек басқаларға қауіп төндіретін жұқпалы аурулары болмауы тиіс.

Пікірлер