Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы «Майқайың-алтын» АҚ шахтасының жанында болған оқиғаның салдарынан қаза тапқан екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«ТЖД құтқарушылары қаза тапқан екі адамның денесін құмнан тапты. Оларды жер бетіне көтеру жұмыстары жүргізілуде. Автобус табылған жоқ, оны іздеп жатырмыз», - деп жеткізді кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің республикалық орталық штабы.
Орталық штаб қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, барлық қажетті қолдауды көрсетуге уәде берді.
Еске салайық, бүгін түнде 4 жолаушысы бар автобус шахта маңындағы шұңқырға құлап кеткен болатын.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар