Ақтаудағы балабақшада екі жасар бүлдіршінді ыстық сумен күйдіріп алған

3090
Adyrna.kz Telegram

Ақтаудағы балабақшада екі жасар бала ыстық суға күйіп қалды, - деп хабарлайды “Адырна” порталы "Лада" басылымына сілтеп.

«Мейірбике мен мұғалім дереу жедел медициналық көмек көрсетіп, бірден ата-анасына хабарласып, жағдайды егжей-тегжейлі баяндады.  Басында балада тек қызару болған, денсаулығы қанағаттанарлық. Алайда бір сағаттан кейін денесінде көпіршіктер пайда болды», - дейді «Бала Лэнд» балабақшасының меңгерушісі.

Күтушіні сол күні жұмыстан шығарды. Зардап шеккен қыз бала екі жаста, екінші дәрежелі термиялық күйік алған, 7%.

Пікірлер