Түркіменстанның Анау қаласы түркі әлемінің жаңа мәдени астанасы атанды

1610
Adyrna.kz Telegram
Фото: education.gov.tm
Фото: education.gov.tm

Түркіменстанның көне қаласы Анау 2024 жылы ресми түрде түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесін алды. Бұл Әзірбайжанның Шуша қаласында (ТҮРКСОЙ) салтанатты түрде жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы CentralAsia.news басылымына сілтеп.

«Шуша – түркі әлемінің мәдени астанасы – 2023» жылының жабылу салтанатында Түркі әлемінің мәдени астанасының символы Анау қаласына табыс етілді.

Айта кетсек, түркі әлемінің мәдени астанасын жыл сайын сайлау туралы шешім 2010 жылы түркітілдес мемлекеттер басшыларының Х саммитінде қабылданған болатын.

Әдетте, бұл атақ тарихы ежелгі дәуір мен орта ғасырлардағы түркі тілдес державалардың қалыптасу тарихымен тығыз байланысты өте көне қалаларға беріледі.

Пікірлер