Қызылжар ауданындағы Бескөлде орталық алаңда тұрған жаңа жылдық шырша өртеніп кетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне 27 желтоқсан күні сағат 18:40-та Қызылжар ауданы Бескөл ауылында Гагарин көшесі, 11 мекенжайы бойынша орталық алаңда шырша өртеніп кетті.
"4 шаршы метр аумақта өрт сөндіру қызметі келгенге дейін сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, алдын ала себеп - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. СҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің күштері (жеке құрамның 6 адамы және 2 техника) жолға шықты", - деді СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев.