Алматыда автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып кетті. Қайғылы оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қалалық полиция департаментінің айтуынша, оқиға кешкі сағат 18:15-те болған.
47-автобустың жолаушысы көлікті басқарып отырған жүргізуші-әйелді ұрып, есінен тандырған. Осылайша басқарылмайтын автобус аялдаманың жанында тұрған адамдарға, сондай-ақ төрт көлікпен соқтығысқан.
Қазіргі таңда күдікті ер адам ұсталды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.