Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты. Мемлекет басшысы жерлеу рәсіміне қатыспайды, - деді Берік Уәли.
Бүгін 71 жасқа қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев дүниеден озды.
Алматыдағы Орталық клиникалық аурухана бұл ақпаратты растады. Дәрігерлердің айтуынша, Болат Назарбаев 13 қарашада сағат 09.51-де қайтыс болған.
Ұқсас жаңалықтар
Болат Назарбаев осынша жер мен базарды мемлекетке қайтарды дейді. Оны қалай иемденді дегенді айтпайсыздар ма? Заңсыз иемденген дүние болса, іс қозғалу керек емес пе?
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі
