Астананың барлық ауданында жарық қосылғаны хабарланды

3094
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/86554042-a6dd-42dc-aaa8-5c47b2202690.jpeg
Астананың барлық ауданында жарық қосылды. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. . 
Бүкіл қала бойынша электр желісінің жұмысы қалпына келтірілді. Жұлдыз, Шығыс, Астана қалалық, орталық, ПНФ, Степная қосалқы станциялары қосылды. Өнеркәсіп аймағында, Қазқалашық тұрғын алабы ауданында жұмыс бірнеше минуттан кейін аяқталады,-делінген хабарламада.
Айта кетейік, кеше кешкісін қала әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы жарықтың сөніп қалғаны туралы түсініктеме берген болатын.
Пікірлер