“Ирина Кайратовна” тобының Алматыда өткен концерті талқыға түсуде. Ұлттық киімді киіп, ерсі билеген бишілердің желіде видеосы тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Кадрларда өнер көрсеткен бишілер сәукелелерін шешіп, жерге лақтырғаны көрсетілген. Желі қолданушылары бұл әрекетті сынға алды.
“Бұларға қаншама ескертулер, концерттегі жағдайлар сабақ болмаған-ау! 91 дұрыс келіп, дұрыс кетті ғой”, "Олардың кешірім сұрайтын видеосын күтейік", "Кешірім сұрасын", - деді желі қолданушылары.
Қойылым режиссері Рамзат Махаметовтың айтуынша, қыздар сәукелені еденге мұқият қойып, кейін жоғары көтеріп, қайта киген.