Ақын Ұлттық пантеонға жерленетін болды

1713
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Айтулы ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қазақ жырының айбозы Несіпбек Айтұлы Ұлттық Пантеонға жерленетін болды. Бұл туралы Жазушылар Одағы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Марқұмның қонақасы 2023 жылғы 17 қазан сағат 19:00-де Астана қаласы "Әзірет Сұлтан" мешітінің "Мумтаз" мейрамханасында беріледі.

Жаназасы 18 қазан сағат 10.00-де "Әзірет Сұлтан" мешітінде шығарылады.

Жерлеу рәсімі 18 қазан сағат 11.00-де Ұлттық Пантеонда (Қабанбай батыр ауылы маңында) өтеді.

Жаназа Асы 18 қазан сағат 13:00-де Астана қаласы "Әзірет Сұлтан" мешіті «Мумтаз» мейрамханасында беріледі (Тәуелсіздік д.,48).

Айта кетейік, бүгін ақын Несіпбек Айтұлының өмірден өткенін хабарлаған едік.

Пікірлер