“Кішкене ғана өсті”. Министрлік ұн бағасының қымбаттауына қатысты жауап берді

1964
Adyrna.kz Telegram

Депутат Дәулет Мұқаев Сауда және интеграция министрлігі өкілдеріне ұн бағасының қамбаттауына қатысты сұрақ қойды, деп жазады “Адырна”. Видео депутаттың желідегі парақшасында жарияланды.

Министрлік өкілдері ұн бағасының “кішкене ғана” өсуіне қатысты жауап берді:

“Биыл солтүстік өңірлердегі жауын-шашынның көп болу себебінен егін жинау уақыты ұзарып жатыр. Сондықтан ұн бағасының “кішкене” өсуі байқалды. Алдағы уақытта баға нормаға келеді” деп сендірді Сауда комитетінің төрағасының орынбасары Ернұр Дүкенбайұлы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

Пікірлер