Тағзым. Тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Үшкемпіровтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

2533
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/c298216fd2c242068a1fbad9a230a87c.jpeg
Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Астанаға барған бойда Жақсылық Үшкемпіровтің ескерткішіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды  "Адырна" ұлтық порталы. 
Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.
"Грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров көзі тірісінде еркін күрестен әлем чемпионы шығуын армандаған еді. Міне, бүгін Ризабек Айтмұхан елордаға келген бойы ең алдымен жекпе-жек сарайы алдында орналасқан Жақсылық ағаның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, даңқты палуанға құрмет көрсетті", - делінген хабарламада.
Еске салайық, еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқан Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев чемпионды жүлдеді жеңісімен құттықтады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер