Елдің бұрынғы президенті Асқар Ақаев Қырғызстанның Украина-Ресей соғысында Ресейге жақтасуы керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ресейлік RT-ге сілтеме жасай отырып.
"Қырғызстан - Ресейдің одақтасы. Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі ретінде, ҰҚШҰ мүшесі ретінде, әрине, Ресейді қолдауы керек деп айтқым келеді. Ресей бүгінде қолдауға мұқтаж. Одақтас осындай қиын күндерде сыналады", - деді бұрынғы басшы.Сонымен қатар заманында тақтан тайған Қырғызстан презиеденті:
- Мен Батыстың екі ортаға килігіп, Украинаны Ресейден және ТМД – дан қалай ажырата бастағанын жақсы білемін", - деп мәлімдеді.Орайы келгенде айта кетейік, Қырғызстан билігі Ресейдің Украинаға қарсы ашқан соғысына келгенде бейтараптықты ұстанады.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Мәскеуге дрондар шабуылдады, екі тұрғын жарақаттанды. "Мазасы кеткен Мәскеуге" қатысты тағы қандай деректер мәлім?