Батыс Қазақстан облысында 21 адам бруцеллез жұқтырған

2342
Adyrna.kz Telegram
bacterial culture plate holding against glass of milk and bottle of milk
bacterial culture plate holding against glass of milk and bottle of milk

Батыс Қазақстан облысында 21 адам бруцеллез жұқтырған. Бұл туралы БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арысбаев мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Батыс Қазақстан облысында 6 әкімшілік аумақта бруцеллездің 21 жағдайы тіркелген. 15 жағдай зертханалық зерттеу кезінде расталды.

Барлық жағдайда инфекцияның малдан жұққаны белгілі болды. Ауру малды төлдету және ауру малды күту кезінде жұққан, - дейді облыстың бас санитариялық дәрігері.

Пікірлер