Ел қоржынына тағы 2 жүлде түсті

2435
Adyrna.kz Telegram

Чэнду қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарының екінші күнінде Қазақстан қоржынына 2 жүлде түсті, деп хабарлайды “Адырна”.

31-ші Дүниежүзілік жазғы универсиаданың екінші күнінде қазақстандық 2 спортшы күміс жүлде иегері атанды.

Никита Чирюкин 25 метр қашықтыққа тапанша көздеуден күміс жүлдегер атанды.

Қазақстандық спортшы қашықтықтан жылдам ату бойынша 27 ұпай жинап, екінші орынға жайғасқан.
Ал «Алтынды» чех спортшысы Матей Рампула 29 ұпаймен жеңіп алды.

Екінші күміс жүлдені пневноматикалық мылтық атудан да Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге қол жеткізді.

Пікірлер